Қылмыс

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңында қыз зорламақ болғандар анықталды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Түркістанда тапа тал түсте белгісіз біреулер қыз зорламақ болды. Оқиға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында болды.


Жергілікті ішкі істер департаментінің мәліметінше, қаскөй алдымен кесене маңында қыздың телефонын тартып алған. Бағалы затын қайтарып алмақ болып, артынан қуа жөнелгенде көзден таса жерге сүйреп апарып, аяусыз ұрып соққан. Бойжеткенді кездестірген куәгерлер жедел жәрдем шарқыртып, көмек көрсеткен.


Қазір жәбірленуші қалалық аурухананың жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың бас ми жарақатын алғанын айтып отыр.


Салтанат Қарагөзова, Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:


- Түркістан қаласында орналасқан ЖОО-ның бірінің студенті анықталды. Қыз өзінің арызында белгісіз тұлға өзін зорламақшы болғанын көрсеткен. Бұл жәйт бойынша Түркістан қалалық ішкі істер басқармасында «зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда криминалдық полиция басқармасы күдікті азаматтың тұлғасын анықтады. Ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.


24.kz


 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.09.2018, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31