Қылмыс

Қожа Ахмет Яссауи мешітіне келген бойжеткенді белгісіз біреу зорлап кетті (видео)

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Түркістанда мешіттің алдында тапа тал түсте жас қызға әлдекімдер зорлық көрсетті. Киелі жерге дұға етуге келген бойжеткенді белгісіз біреу ұрып-соғып, ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын тонап кеткен деп хабарлайды   NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.


Сұмдық жағдай 4-ші қыркүйек күні сағат он екілер шамасында болған. Белгісіз азамат Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында бойжеткеннің ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен. Осы кезде бойжеткен ұрының артынан ұзақ жүгіріпті.Ақыры шаршаған соң, артқа қайтар жолда телефонын алып қашқан жігіт жас қызды сайға қарай сүйреп, арам ойын іске асырған.


"Мен телефонмен сөйлесіп келе жатқам. Осы кезде біреу телефонымды жұлып әкетті. Ұрының артынан жүгіріп шаршап кеттім. Кейін артқа қарай жүріп бара жатқан кезімде, ұры жігіт мені сайға қарай сүйреп кетті. Сол жерде ұрып-соғып, шешіндіріп тастады", -деп жылап жіберді зорлық көрген бойжеткен.


Бет аузы қанға боялған қызды көрген куәгерлер бірден жедәл жәрдем шақыртқан. Ауруханаға жеткізілген жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бет-аузын тігіп берді.Оқиға орнына келген полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тапа тал түсте мешіттің алдында жас қызға зорлық көрсеткен азамат іздестірілуде.


 




Көрілген: 1048    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.09.2018, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31