Қылмыс

Көкшетауда жүргізуші бұрынғы ғашығын қасақана қағып, қашып кеткен

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Көкшетауда автокөлік жүргізушісі бұрынғы ғашығын қасақана қағып өткен, әйел сол жерде көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментінен.


Облыс орталығының ішкі істер басқармасына бүгін сағат таңғы тоғыздың шамасында серіктестік директоры қоңырау шалып, фирма аумағында BMW X5 көлігінің жүргізушісі мекеменің 37 жастағы бухгалтерін қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан.


Полицейлер автокөлікті ізін суытпай ұстады. Рөлде бұрын билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін сотталған 30 жастағы жергілікті тұрғын болған.

Ер адам көз жұмған әйелмен бұрын бірге тұрғаны анықталды, араларында бала болмаған. Әйелдің артында 14 жасар ұлы қалды.


Полицияның болжамынша, күдікті бұрынғы ғашығын күтіп отырып, жұмысқа келген бетте қасақана соғып өткен.


Құқық қорғаушылар автокөлік иесін уақытша ұстау абақтысына қамады. Оған қарсы "Кісі өлтіру"бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


 


 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 21:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Наурыз, 00:56
    Медиация институты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31