Қылмыс

Қолдан жасалған жеке куәліктермен кредит алған қыз ұсталды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қолдан жасалған жеке куәліктермен кредит алған қыз ұсталды. Бұл туралы  тілшісіне Бостандық аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Тимур Өсекбаев айтты.


Оның мәліметінше, ұсталған әйелдің есімі - Камилла Бишбаева. 1981 жылы дүниеге келген, Алматы облысы Қарасай ауданында тұрады, Өзбекстан тумасы.


"2014 жылдан бастап түрлі жеке куәліктерді сканерден өткізген соң онда өзінің суретін жапсырып, принтермен шығарып, кейін ламинаттаған. Осылайша, ол сол құжаттармен несие рәсімдеп, тауарлап алып жүрген: ұялы телефондар, тұрмыстық техника және тағы басқалары. Қазіргі уақытта оның 12 алаяқтық дерегіне және 10 жалған құжат рәсімдеу дерегіне қатысы бары дәлелденді", - деп хабарлады Тимур Өсекбаев.


ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") қылмыстық іс тергеліп жатыр.



Күдіктіні танығандардан мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 298-52-80, 298-52-81.




 




Көрілген: 254    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 15.12.2017, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31