Қылмыс

Көлік сатуға кеткен жас жігіт ажал құшты

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Полиция бірнеше күн бұрын жоғалған жас жігітті өлтірді деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады.


Екі күн бұрын Шымкент қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арызданған. Ол 26 жастағы ұлының жоғалып кеткенін мәлімдеді. Полицейлер анықтағандай, жас жігіт жергілікті базарға өзінің "Toyota" автокөлігін сатуға кеткеннен кейін жоғалып кеткен.


Алматы облысы Қарасай ауданының тәртіп сақшылары күдіктіні табуға көп уақыт жұмсаған жоқ.


"Іздеудегі жігіттің иномаркасын сатып алмақ болған жергілікті тұрғындардың бірі анықталды. Бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген 36 жастағы ер адам жауап алу кезінде көлік иесін өлтіргенін мойындап, мәйітін көміп тастаған жерді көрсетті", — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.


Көршілес Жамбыл ауданындағы жыраға көмілген "Тойотаның" бұрынғы иесінің денесі табылып, эксгумация жасалды, қажетті сараптама тағайындалды.


Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлады баспасөз қызметі.


 Sputnik




Көрілген: 143    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31