Қылмыс

Командирін өлтірген полицей 7 рет оқ атқан - БҚО ІІД басшысы

  • Командирін өлтірген полицей 7 рет оқ атқан - БҚО ІІД басшысы

    Командирін өлтірген полицей 7 рет оқ атқан - БҚО ІІД басшысы

Батыс Қазақстан облысы ІІД басшысы Мазсудхан Аблазимов полицей қайтыс болғаны оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.


"6 қыркүйекте Ақжайық АІІБ аумағында полицияның ішкі күзет батальонының инспекторы өз командиріне оқ атты. Командир оқиға орнында қаза тапты. Атқан қызметкен қаруын тапсырып, оқиға орнында ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, аяқталғаннан кейін не себепті осындай қадамға баруын айтатын боламыз", - деді БҚО ІІД басшысы.


Оның айтуынша, күдікті қайтыс болған адамға жеті рет оқ атқан, беліне, арқасына және басынан.


"Оқ атқан қызметкердің мұндай қадамға баруына не себеп екенін білмейміз. Жұмыста ол өзін жақсы қырынан көрсетті, бес рет мадақталған және жазаға тартылған емес. Қайтыс болған капитан да жақсы қырынан көрінген, органда 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді", - деді Аблазимов.


Қайтыс болған полицейдің ауылдасы Серік есімді азамат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында, ер адамның үйленген және ата-анасымен бірге тұрғанын және ұлы мен қызы қалғанын айтады.


"Ол өзі Чапаев ауылынан, әскерде Қапшағайда болды. Әскерден кейін арнайы батальонға жұмысқа тұрды. Әйелімен әскерге бармай тұрып кездесіп жүрді. Әскерде келісімен үйленді. Ол өз отбасын, әйелі мен балаларын қатты жақсы көрді. Жақсы жігіт болатын, көп сөйлемейтін. Үндемес деп те айтуға болады", - дейді қайтыс болған адамның досы.


Оның айтуынша, ауыл тұрғындары осы жағдайдан шок алған, ауданда қылмыс деңгей аз, мұндай қайғылы оқиғаны ешкім күтпеген.


"Мектепте ол көшбасшы болды, әлсіздерді қорғап жүретін. Орташа оқыды, бірақ сыныптастары арасында беделі жоғары болатын. Көп сөйлемейтін және физикалық тұрғыдан жақсы болатын. Мінезі жақсы, байсалды, жанжалдасудан қашатын. Ол тек іс бойынша ғана сөйлейтін. (...) Жігіттердің барлығы погон таққысы келеді, ол әскери күзетші болуды қалады", - дейді Серік.



Еске сала кетейік, мұның алдында БҚО-да полицейдің взвод командирін атып өлтіргені хабарланған болатын. Облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, ІІБ территриясында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының полиция сержанты (1994 жылғы) табель қаруымен ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының взвод командирін (1986 жылғы) атып өлтірген. Ол алған жарақатынан қаза тапты.


ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері БҚО-да аудандық ІІБ ауласындағы взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, бұл қылмысқа ол өзінің жеке жақтырмаушылық ара-қатынасынан барған. 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 20:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31