Қылмыс

Қонақүйге алдап апарған. Рудныйда досының қарындасын зорлаған жігіт ұсталды

  • Қонақүйге алдап апарған. Рудныйда досының қарындасын зорлаған жігіт ұсталды

    Қонақүйге алдап апарған. Рудныйда досының қарындасын зорлаған жігіт ұсталды

Рудныйдың 29 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бұл дерекке қатысты іс ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-тарауының 3-тармағы бойынша Қостанай облыстық сотының қарауына жолданды. 


Соттың баспасөз өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылдың 4 маусымында сағат 07:30 шамасында С. есімді азамат Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде тұратын кәмелетке толмаған қызы бар отбасына келген. 29 жастағы ер адам қыздың ағасы такси жалдап, ауруханаға қарауға шақыртқанын айтқан. Кейін таксиге қызбен бірге отырған. Қыз бала бұрын оны ағасымен бірге көріп жүргендіктен еш күдігі болмаған. 


"Ары қарай С. Рудный қаласындағы қонақүйлердің біріне барып, бір бөлмені жалдаған. Біреуді күте тұруымыз керек деп қызды бөлмеге алып кіреді. Бөлменің ішінде қызға екі рет зәбір көрсеткен. Осыдан кейін оны автовокзалда тастап кетіпті. Қыз автобуспен үйіне дейін өзі жетіп, барлық жайтты анасына айтып берді", - дейді сот өкілдері.




Көрілген: 1069    Пікірлер: 0

жұма, 08.12.2017, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31