Қылмыс

Қостанай облысында 11 жастағы қыздың өліміне қатысты жантүршігерлік деректер анықталды

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Қостанай облысының 46 жастағы тұрғынына 11 жастағы қызды өлтірді деген айып тағылды. Ер адам екі күн бойы ішімдік ішкен соң бірге тұратын әйел мен оның қызын ажырата алмай қалған, - деп жазады "Наша газета".


Оқиға Қостанай облысы Қарасу ауданы "Восток" ауылында болған. 2017 жылдың тамызында сотталушы Қарасу ауылындағы ТҚО-лардың біріне автоэлектрик болып бейресми жұмысқа тұрған. Сол жақта бала кезінен таныс әйелді кездестірген. Бастапқыда ер адам онымен достық қарым-қатынаста болған, кейін олар бір-бірін ұнатып қалған. Әйел 11 жастағы қызымен бірге тұрып жатқан.


Ер адам оқиғаға дейін екі күн бойы арақ ішкен, бірінде досының, ал бірінде сүйіктісінің туған күнін тойлаған. 20 мамырда әйел Қостанайға құрбысының мерейтойына аттанып, қызы мен үйін көршісіне табыстап кеткен. Ал әлгі автоэлектрик сол үйде қонақтап қалып қойған.


Қыз бала күні бойы аулада құрбыларымен ойнап, кешкі уақытта үйге келіп, жатып қалған. Түнгі уақытта Қарасуға кете алмаған ер адам бұл үйге қайта оралып, дәл кіреберісте ұйықтап қалған. 15 минуттан кейін ол жыныстық қатынасқа түскісі келіп, қайта оянған.


Ер адам әйелдің кетіп қалғанын ұмытып, мас күйде әйелді үйден іздей бастаған. Ол қыз жатқан бөлмеге кіріп, төсектің жанына отырып, қолын көрпеге астына жүгірткен. Қыз шошып кетіп, "Паша ағай, не істеп жатсыз?" деп айғайлаған. Іс материалдарына қарағанда, ер адам қыздың мойнынан бір қолымен ұстап, екінші қолымен дем ала алмауы үшін мұрны мен аузын жапқан. Қыздың жаны шыққанша осылай ұстап тұрған. Қыз бала механикалық асфиксиядан қайтыс болған.


Қыз баланың денесін ол Восток ауылынан бір шақырымдай жерге апарып, далаға тастап кеткен. Із жасыру үшін қыздың аяқ киімін басқа көшеге апарып, лақтырып, өзі ұйықтап қалған.


Тергеудің нұсқасы бойынша, ер адам кешкі уақытта үйге барып, сол жақтан ешқайда да кетпегенін, ал қыз баланың ескертусіз үйден кетіп қалғанын айтып сендірмек болған. Қыздың денесі кейін табылған.


Бұл іс бойынша алдын ала сот тыңдауы Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 10 шілдеде қаралады. Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 3,14 пункттері бойынша айып тағылып отыр.


Сотталушының адвокаты қорғауындағы ер адам мен сүйіктісінің арасындағы интим қарым-қатынас талқыланатындықтан сотты жабық тәртіпте өткізуді өтінді. Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Басты сот отырысы 24 шілдеге белгіленді.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 829    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30