Қылмыс

Қостанай облысында үш ер адам 17 жастағы студентті зорлап, тонап кеткен

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Қостанай облысы Лисаков қаласында естіген жан жағасын ұстайтын ауыр қылмыс жасаған 3 ер адам қамауға алынды. Құқық қорғау органдарының таратқан мәліметі бойынша, оларға 17 жастағы студентті тонап және зорлады деген айып тағылды. Қазіргі таңда күдіктілер Лисаков қаласындағы уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.


«Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – дейді Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.


Қолда бар мәліметтерге қарағанда, жәбірленушіден күдіктілерге қатысты алдымен тонау дерегі бойынша шағым түскен. Себебі, олар зардап шегушінің қалтасындағы 16 мың теңгесін тартып алған. Артынша қаскөйлер кәмілеттік жасқа толмаған жігітке сексуалды зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі болып отыр.


Сондай-ақ, қолға түскен 3 күдіктінің екеуі бұрын істі болып, заң аясында жазасын өтеп келгендер екен. Ал, қалған біреуінің таныстары оның бұндай әркетке баруының себебін түсіне алмай отыр.




 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31