Қылмыс

Қостанайда әкесін өлтірген 17 жастағы қызға сот үкімі шықты

  • © Dnepr24

    © Dnepr24

2018 жылдың 3 қаңтарында Қостанай облысы Меңдіқара ауданында 17 жастағы қыз отбасылық жанжал барысында әкесіне пышақ салған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "НГ" порталы.


Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында іс жабық түрде қаралды. 2018 жылы 18 сәуірде, сәрсенбіде сот үкімі шықты.


Басында қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталған, алайда жаңа деректердің пайда болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабына ("Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру") өзгертілді. Бұл бап бойынша қыздың жазасы әлдеқайда жеңілдетілді: 8-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасынан - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.


Басылым мәліметінше, соттың баспасөз қызметі қыздың бір жылға бас бостандығынан шектеліп, сот залында босатылғанын мәлімдеген. Істің басқа деректері айтылмаған.


Қыздың әкесі ішімдікке әуес болып, жанжал шығаратын болған. Отбасыдағы жағдай қиын болған. Қыздың өзі Қостанай колледжінде оқыған. Ол жаңажылдық мерекеге үйіне келген кезде осы оқиға болған.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

жұма, 20.04.2018, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30