Қылмыс

Қостанайда Дарья Махартованың өліміне қатысты полицейлер сотталды

  • © Sputnik

    © Sputnik

Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне қатысты іс бойынша екі полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды, деп жазады "Костанайские новости".


Істің материалдары бойынша, 2018 жылдың 20 шілдесінде Даша Махартова жүгіруге шыққанда, белгісіз бір ер адам оны жыраға итеріп, соққыға шығады. Оқиға куәгерлері — қыз бен жігіт бірден полиция шақырып, қай жерде екенін хабарлайды.


Оқиға орнына келген старшина Алмат Ермаканов пен аға сержант Руслан Рыжеволов қызметтік көліктен шығып, жәбірленушіні қарамаған. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ол кезде бойжеткен әлі тірі еді, өміріне араша түсуге мүмкіндік бар болатын.


Сотта адвокаттар полицейлердің әрекетсіздігін жұмыс соңында шарашаған деп ақтап, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал айыптау полицейлерді екі жылға түрмеге отырғызуды талап еткен.


Судья Жұмабек Садуақасов үкім шығарар кезде айтқандай, әділдікті басшылыққа алып, бұрынғы тәртіп сақшыларын бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.


Атап өтсек, қайғылы оқиға 2018 жылдың шілдесіне дейін болғанда, салғырттығы үшін полицейлер бес жылға сотталуы мүмкін еді. Ал қазір мұндай қылмыс үшін жаза жеңілдетілген.


Дарья Махартованы өлтірді деген күдікпен 26 жастағы ер адам ұсталды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдікті ішімдікке салынған, бірақ көршілері де, туыстары да нақты қылмыскердің ұсталғанына сенбейді. Қылмыстың себептері әлі белгісіз.


Sputnik


 




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31