Қылмыс

Қостанайда сотталған экс-кеденшілер үкім оқылғанда еңіреп жылап жіберді (фото)

  • © kstnews.kz

    © kstnews.kz

Қостанай соты пара алды деп айыпталған "Қостанай-ЦТО" кеден бекетінің бұрынғы кеден қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Костанайские новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.


Белгілі болғандай, Ләйлә Нұрғазина есімді тұрғын қылмыстық жүйені құрып, кеденшілер 2016 жылдың аяғында екі ай бойы әр вагон үшін пара алып келген. Бизнесмендер вагондағы жүкті тезірек кеден декларациясынан өткізу үшін кеденшілерге пара беріп отырыпты. Олай етпеген жағдайда, олардың тауары тексерістен өтпей, үлкен шығынға батып отырған.


Сотталушылар үкім шығарылғанға дейін үйқамақта болды. Сот отырысына жеке заттарымен келген экс-кеденшілердің арасындағы әйелдер үкімді естігеннен кейін еңіреп жылап қалды. Олардың кәмелетке толмаған балалары бар екен.



Сот үкімімен Нұрғазина он жылға, ал оның сыбайласы Мәлік Жақсалықов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топтың қалған қатысушыларына сот 5,5 жылдан берген.


Барлық сегіз фигурант сот залында қамауға алынды. 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

жұма, 05.01.2018, 17:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30