Қылмыс

Қостанайдан қашып кеткен ҰҚТ басшысы Қырғызстанда ұсталды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Қазақстанның және Қырғызстанның құқық қорғау органдары іздестірген аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Қаракөл қаласының аумағында ұсталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, милиция Талас облысының тумасы, 1986 жылғы Жылдызбек Бекмырзаевты 2018 жылдың 5 қазанында ұстады.


Бекмырзаев осыған дейін қарақшылық, зорлық, тонау деректері бойынша бірнеше рет сотталып, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған еді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын ұстауға бағытталған арнайы операция бір айға созылған.


Ер адамды ұстау кезінде гашиштің 20 қорабы табылған.


Қылмыстық топтың басшысына дейін 2018 жылдың тамызында топтың басқа да мүшелері ұсталған болатын. Олардың бірі Ыстықкөл ауданының 1993 жылғы тұрғыны. Ол ұрлық, қарақшылық, бұзақылық, есірткімен ұсталып, бірнеше рет сотты болған.

Қырғызстанның ІІД өкілдерінің сөзіне қарағанда, Бекмырзаев бастаған қылмыстық топ 2018 жылдың маусымында Ленин ауылындағы ақша айырбастау орындарының бірін тонап кеткен. Ол жерді тонағанға дейін қаскөйлер такси жүргізушісін өлтіріп кеткен.

Ал 2017 жылы қылмыстық топ мүшелері Бішкек пен Шу облысы аумағындағы мекемелер мен ұйымдарға қарақшылық шабуыл жасап, аса ірі көлемде ақша жымқырған.

Бұдан бөлек бірнеше қару ұрлап кеткен. Сол жылдың ақпанында олар Бішкектегі "Цзи Сянь" мейрамханасына, наурыза сақтандыру компаняиларына , ал сәуірде бірнеше қару тонап кеткен.

Ұйымдасқан қылмыстық топтағылар жалпы есеппен 9 қылмыс бойынша айыпталып отыр. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.






Көрілген: 229    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 18:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31