Қылмыс

Құқық қорғау жүйесінде жасалып жатқан реформалардың маңызы зор

  • Құқық қорғау жүйесінде жасалып жатқан реформалардың маңызы зор

    Құқық қорғау жүйесінде жасалып жатқан реформалардың маңызы зор

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев әрқашан еліміздің құқық қорғау жүйесін дамыту, реформалар жасау ісін естен шығарған емес. Соңғы Жолдауында да еліміздің жаңа кезеңіндегі даму жолдары ретінде құқықтық-экономикалық дамудың жаңа үлгісін құру қажеттілігімен бес басымдықты жария етті. Мұнда жекеменшікті қорғауға, заң үстемдігін және барлық адамдардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге, сот жүйесіне сенімділікті арттыруға, сондай-ақ судьялардың қызметіне араласып, заңсыз ықпал етуге жол бермеуге бағытталған реформаларды жалғастыру туралы жан-жақты айтылған.

Қазіргі таңда еліміздегі судьялар корпусы алдында осы міндеттерді жүзеге асыру үшін азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды ары қарай жетілдіру, демократиялық қағидалар мен құндылықтарды қолдау, жариялылықты қамтамасыз ету, кәсіби судьялар қатарын нығайту міндеттері тұр. Заман сұранысына сай жасалып жатқан мұндай өзгерістер сот саласын жетілдіріп, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру, қылмыс процесіндегі жарыспалылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын болдырмау секілді мәселелердің алдын алып жатқанын айта кету керек.

Сондықтан қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың жемісті нəтижелері бізді жаңа белестерге бастады. Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы - сот билігінің орны мен мəртебесі айрықша екенін Елбасы үнемі атап көрсетуде. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын қабылдау сот жүйесін одан әрі реформалаудың жаңа маңызды кезеңі болғандығын айрықша атап өтуге болады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екінші бөлімі заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігінде «Барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс», деп мұның маңызын да көрсеткен.

Жариялылық - іс жүргізу кодекстерінде сот ісін жүргізудің негізгі қағидаты болып бекітілген. Бұл қағидатты талқылау кезінде негізгі назар сот ғимаратына қол жетімдік, іс жүргізудің және сот отырысының ашықтығына бөлінеді. Жаңадан енгізілген «Төрелік», «Дыбыс-бейнежазба», «Сот кабинеті» сынды бағдарламалар сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі шын мәнісінде, сот төрелігі ашықтығымен қамтамасыз етудің ғаламат құралына айналды. Көп жағдайда бұл қолданысқа енген жайттар - сот процесінің әрбір қатысушысы қазір Сот кабинетіне кіріп, процестің бейне және аудио жазбаларымен таныса алады. Осылайша, сот өндірісінің бүкіл процесі толықтай ашық бола түсуде және бұл жүйені толықтай енгізу қандай да бір процессуалдық заң бұзушылықтарды азайтатынын уақыт көрсетіп отыр. Сондықтан бүгінгі күні сот саласына жасалған реформалардың осы саланың дамуына айрықша ықпал етіп жатқаны бізді қуантады.

Жанна ЕРКІНҚЫЗЫ, Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы


 




Көрілген: 253    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 12:19

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30