Құқық қорғау саласына жасалған реформалар оң нәтиже беруде

Құқық қорғау саласына жасалған реформалар оң нәтиже беруде

Соңғы жылдары сот саласына жасалған жаңашылдықтар қоғам талабына сай келіп, сұранысқа ие болып, қоғамға тез сіңісіп қана қоймай, саланың дамуына да әсер еткені байқалады.
2013 жылғы 20 қарашада Астана қаласында өткен республика судьяларының VII съезінде Елбасы сот қоғамдастығының алдына заңнамалық нормаларды жетілдіру, дауларды шешудің баламалы түрін жетілдіру, бұқара халықты сот төрелігінің ашықтығымен қамтамасыз ету және сот корпусының кәсібилігін арттыруға байланысты бес тапсырма қойған еді. Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосу мақсатында реформалар мен алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ел Президенті 100 нақты қадамды айқындап берді. Елбасы басты бағыттардың бірі ретінде заң үстемдігін белгілеп, «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында сот жүйесіне баса назар аударылды.
Республиканың сот жүйесінің алдына қойылған талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты соттарда ақпараттық технологияларды қолданудың бірқатар жүйелік-ұйымдастырушылық шараларын қолданып жатыр. «Сот кабинеті» атты жаңадан енгізілген ақпараттық сервис сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сот төрелігіне қолжетімділік, ашықтық пен мөлдірлікті қамтиды. Бұл сервис кез-келген тұлғаның уақытын үнемдей отыра, үйінен немесе кеңседен шықпай, ғаламтор желісі арқылы сотқа талап арыз, өтініш тапсыруға, әрі мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтырғы көрсеткіштерге қарағанда «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылардың саны артып, сервис арқылы бір миллионнан артық арыз-өтініштер сотқа келіп түскен.
Ұлт жоспарында көтерілген мәселелердің бірі - ол еліміздің сот жүйесін инновациялық жаңа технологиялармен қамтамасыз ету. Осыған орай, республикамыздың барлық соттары заманауи аудио-бейне таспа құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыстары аудио-бейне таспа құрылғылармен жабдықталған сот залдарында өткізіледі. Бұл жүйенің негізгі басымдылығы болып сот ісіне қатысушыларды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды, сондай-ақ барлық тараптарды тәртіпке шақыру танылады. Сот процесі барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылық туғызған даулы мәселелер туындаған жағдайда, екі тараптың дұрыс, не бұрыс жағына көз жеткізу үшін электрондық жазбаға жүгіне алады, әрі судьялар мен басқа да адамдар үшін қасақана жала жабу фактісіне белгілі бір кепіл бере алады.
Бүгінгі таңда отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды орындап қана қоймай, қоғамның мүддесін ойдағыдай шешуде. Судьялар 30-дамыған елдің қатарына кіру мақсатында Елбасымен сот жүйесінің алдына қойған тапсырмаларды орындауда айтарлықтай өз үлестерін қосып отыр.
Максат Амиркулов, Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста