Қылмыс

Қылмыс әлемінің серкесі оқушыларды сабақ үстінде ұрлап әкетіп, әжетхана қаздырды

  • Қылмыс әлемінің серкесі оқушыларды сабақ үстінде ұрлап әкетіп, әжетхана қаздырды

    Қылмыс әлемінің серкесі оқушыларды сабақ үстінде ұрлап әкетіп, әжетхана қаздырды

Түркістанда қылмыс әлемінің серкесі мектеп оқушыларын сабақ үстінде ұрлап əкетіп, әжетхана қаздырған. Бұл туралы Facebook қолданушысы әрі заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


"Криминалдық авторитет мектеп оқушыларын сабақ үстінде ұрлап əкетіп туалет қаздырған. Қылмыстық іс Түркістан қаласы прокуратурасының арласуымен ашылып отыр. Оқиға балалардың айтуы бойынша былай болған. Балалар төртінші сабақтан шыққан соң мектеп ауласында өзінен жоғары сыныпта оқитын бала мектептің артқы жағына шақырады.


Оларды үлкен қара джип күтіп тұрған. Балаларды қорқытып машинаға салып, үйінің септигін барып қаздырған. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдары біткенше толық ештеңе ашып жаза алмаймын. Ата-аналарды сақтандыру үшін құлаққағыс ретінде ескерту. Балаларыңызға абай болыңыздар.


Бір мезгіл сырласып, ой бөлісіп құлыным "мен сені жақсы көремін деген сөзді жиі айтуды ұмытпаңыздар! Ал Түркістан қаласының прокуратура қызметкерлеріне респект! Қылмысты алдын алу деп осыны айтады. Бүгін оларға әжетхана қаздырса, ертең адам өлтіруге, ұрлық жасауға итермелеуі əбден мүмкін", - деп жазады Айгүл Орынбек желі парақшасында (автордың жазу стилистикасы сақталған).




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 23:03

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30