Қылмыс

Қымбат көлік алмақ болған алматылықтар алданып қалды

  • © Race-Masters.Ru

    © Race-Masters.Ru

Жаңа көлік сатып алмақ болған алмалықтар көліксіз де, ақшасы да қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Зардап шеккендердің бірі Ақылбек Мұхаметшеновтің сөзінше, ол Toyota Land Cruiser көлігі үшін 22 миллион алдын ала төлем жасаған.


"Автосалонға досыммен бардым. Менеджер қарсы алды, келісімшартқа қол қойдық, төлем жасау үшін есепшот берді, түбіртек бермеді, касса аппараты дұрыс істемей тұр деді. Бұл базар емес қой, салмақты сауда орны болған соң, сендім. 22 миллион алдын ала төлем жасап, он күннен кейін көлік келгенде қалған сегіз миллионды төлейсіз деді. Он күннен кейін келсем, көлік те, ақша да, менеджер де жоқ", - дейді ер адам.


Осылайша, ер адам полицияға арыз түсірді.


Ал Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы және 190-бабы 4-тарауының 2-тармағы "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді

 




Көрілген: 914    Пікірлер: 0

жұма, 27.04.2018, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31