Қылмыс

Қырғыз депутатымен байланысқан алматылық миллионер құрықталды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматыда миллионердің қолына кісен салынды! Есбол Жапбасовтың хан сарайындай үйі мен астындағы көлігінен құзырлы органдар қару-жарақтың түр-түрін тапқан. Қалталы азамат асыл тұқымды жылқы ұстаумен де әуестенген екен. Сол сәйгүліктерінің қорасының өзі талайдың арманындағы үйден артық. 40 жастағы Жапбасов бірталай жылдан бері ұйымдасқан қылмыстық топты басқарып, кеденде заңсыз саудасын қыздырған деп күдіктенеді тергеушілер.


-Байлығы басынан асқан бұл бизнесменді бүгінге дейін ешкім де білмеген. Тіпті бір басында ондаған вилласы болса да, оның есімі қазақстандық байлардың тізімінде жоқ. Өйткені, Есбол Жапбасов жұрттың көзіне түспей, «көлеңкеде» жүрген.


Алпауыттың Алматыда салдырып жатқан қос қабатты зәулім үйінің өзі жүздеген мың доллар тұрады екен.


Ал Жамбыл облысында тұрып жатқан үйі тіпті күшті. Қордайдағы қос сарайы қараған адамды таңдай қақтырмай қоймайды. Іші қымбат жиһазға толы.


Ал Бішкектегі үш қабатты үйі тіпті хан сарайындай. Хауызы, моншасы бәрі ішінде.


Есбол Жапбасов тек өзіне ғана емес, асыл тұқымды жылқыларына дейін үйге бергісіз қора салдырып берген.Аса қымбат 70 сәйгүлігінің әрқайсысың жеке қорасы бар. Жануарларға ішінде барлық жағдай жасалған. Бұл «атқораның» құны миллион доллар. Соған қарағанда кәсікер сүйікті жылқылары үшін ақшаны аямаған.


Десе де, Жапбасов осы сәйгүліктеріне бәс тігіп қана байымаған екен. Құзырлы органдар оның қырғыздарға жасырын түрде мұнай өнімдерін тасыған деп отыр. Сөйтіп, қап-қап ақша тауыпты. Әрі Жапбасов өзінің құрметіне аталған «жапбасовтар» қылмыстық тобына жетекші болған.


Тергеушілердің мәліметіне сәйкес, ұйымдасқан топ қазақ-қырғыз шекарасында ұзақ жылдардан бері контарабандамен айналысқан. Қырғызстаннан құс етін тасыса, ал онда Жапбасов тонналап мұнай өнімін өткізіп жүріпті. Ол аздай, арнайы қызмет анықтағандай, қалталы бизнесмен «Қарасу» мен «Қордай» бақылау пунктерін өз қарамағына алып, әрбір кіріп-шыққан жүк көлігінен ақша алып отырған. Еш кедергісіз өткісі келгендер «жапбасовтарға» кемі 80 мың теңге беруге тиіс. Ал табыстың 50 пайызы кәсіпкердің қалтасына түсіп отырған.


Сорақысы сол, кеденшілердің де, полиция қызметкерлерінің де кәсіпкерге шамасы жетпеген.


Есбол Жапбасовтың «Лексусын» тінту барысында көліктен «ТТ» тапаншасы табылды. Ал үйінен Калашников автоматы мен оқ дәрі тәркіленді. Одан басқа ИЖ-79 газды тапаншасын оқ дәрісімен тығып ұстаған екен. Бұл қару-жарақтардан кісі өлген де болуы мүмкін. Өйткені, Жапбасов Қырғызстандағы қылмыс әлемінің серкесі Камшыбек Көлбаевпен ым-жымы бір болған дейді тергеушілер.


Ал бұл банданың қару-жарақ, есірткі, тіпті адам саудасымен айналысып аты шыққан.


-Жапбасовтың елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбекұлымен де байланысты деген күдік бар. Енді шулы тұтқындаулар басталуы ғажап емес. Өйткені, құзырлы орындардың мәліметінше, миллионердің сыбайластарының саны көп екен.


 ktk.kz




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.04.2018, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30