Қылмыс

Қызылордада арзан көлік алмақшы болған азамат ақшасынан айрылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны арзан көлік аламын деген ниетпен алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жаңақорған ауданының тұрғыны жарнамалық сайттардың бірінен Германиядан нарықтағы бағадан екі есе арзанға көлік жеткізіп беремін деген алаяқтарға алданып қалды.


Ол бұл ұсынысты құп көріп, алаяқтың есеп-шотына 5 мың АҚШ долларын салып жібереді. Алайда көліктен де, ақшадан да ешбір хабар болмайды. Өзінің алданып қалғанын түсінген тұрғын полиция қызметкерлеріне арызданды.


«Соңғы жылдарда Қызылорда облысында алаяқтық дерегі өршіп тұр. Биылғы жылдың өзінде осындай 414 дерек тірлкелген. Олардың арасында интернет арқылы алаяқтық жасау әрекеттері ойландырады. Сондықтан тұрғындарға бұл тұрғыда сақ болғаны жөн», - дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мамандары.


Қазіргі таңда облыста арзан бағада пәтер алып беремін, жұмысқа тұрғызамын, жер алып беремін деген секілді уәде беретін алаяқтар қатары көбейген. Олардың арасында әйелдер саны басым болып тұр.


 




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31