Қылмыс

Маңғыстауда автобус жүргізушісі ақша үшін кондукторын өлтіріп тастады

  • © vsn.com.ua

    © vsn.com.ua

Жаңаөзеннің төрт тұрғыны 23 жастағы жігітті өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.


Жас жігіттің денесі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен табылды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған төрт күдіктіні қолға түсірді. Іс материалдарынан белгілі болғандай, қаза тапқан жігіт автобустардың бірінде кондуктор болып жұмыс істеген.


Ол жұмыс күні аяқталған соң барлық ақшаны алып, жоқ болып кеткен. Бірнеше күн өткен соң, оны автобус жүргізушісі тауып алады. Ол өзінің сыбайластарымен жігітті жалдамалы пәтерге алып барып, сол жерде өздерінің арам ойларын іске асырады.


«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде төрт күдікті ұсталды. Олар аса ауыр қылмыс жасағандарын мойындап отыр. Сол күні барлығы алкогольдік ішімдік ішкен. Ішімдіктің босаған бөтелкелерімен жас жігіттің басынан ұрған. Жігіт алған жарақаттары салдарынан қаза тапқан. Оның денесін сол үйдің жертөлесіне тастап кетіпті. Екі күн өткеннен кейін жігіттің денесін полицейлер тауып алды», - деді Жаңаөзен полиция қызметі.


Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімінің 5,3,7 және 9-тармақтары («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Полицейлердің айтуларынша, егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.10.2017, 17:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30