Қылмыс

Медеу ауданы жемқорлықпен күреске айрықша мән береді

  • Медеу ауданы жемқорлықпен күреске айрықша мән береді

    Медеу ауданы жемқорлықпен күреске айрықша мән береді

Алматы қаласының Медеу ауданы биылғы жылдың сегіз айлық қортындысы бойынша жемқорлықпен күрес нәтижесін жариялады. Ауданның жыл басынан бергі жемқорлықпен күрес нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. Қоғамның жемқорлыққа төзбеушілік аурасын қалыптастыру, антижемқорлық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан көлемінде ұдайы әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Азаматтардың бойында сенім қалыптастыру үшін аудан көлемінде атқарылып жатқан барлық шараларды ашық және жариялы түрде өткізу қалыптасқан қағидаға айналған. Егер мемлекеттік қызметкердің үстінен қандай да бір шағым болатын болса, 291-62-16 сенім телефоны арқылы кез келген азамат арыз-шағымын қалдыра алады. Бұл сенім телефоны Медеу ауданының арнайы ресми сайтында да көрсетілген. Сондай-ақ Медеу ауданы әкімдігінің кіре берісінде арнайы халықтың арыз-шағымы үшін жәшік орнатылған. Бұл жәшікке де әкімдікке қатысты, оның қызметкерлеріне қатысты кез келген азамат өз талап-тілегін, арыз-шағымын қалдыра алады. Атап айта кетер жайт, 2017 жылдың басынан бері сенім телефоны мен арнайы орнатылған жәшік арқылы әкімдік қызметкерлерінің ешқайсының үстінен шағым түспеген.

Аудан әкімі мен әкім орынбасары, аппарат басшылары жекелеген азаматтарды қабылдау үшін әр аптаның бір күні мен сағатын арнайы белгілеген. Бұл да болса аудан көлеміндегі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметші әдебіне сай болуы мен жемқорлық фактілерінің орын алмауы үшін атқарылып отырған шара.

Сондай-ақ аудандық құқық қорғау қызметкерлерінің, жергілікті полиция қызметкерлерінің, учаскелік полиция қызметкерлерінің жеке ұялы телефондары да аудан әкімдігінің кіре берісінде көрнекі орынға орналастырылған. Жемқорлыққа қарсы баннер де оның жанына орнатылған. Демек аудан көлемінде мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті халықтың жемқорлыққа қатысты көзқарасын қалыптастыру үшін көрнекіліктер жеткілікті деуге болады.

2017 жылдың басынан бері жемқорлыққа қарсы аудан көлемінде 8 семинар өткізілген. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауатын артттыру мақсатында аудан әкімдігінде бірнеше рет құқықтық сабақтар да өткізілді. Бірнеше рет жыл басынан бері аудандық әкімдік қызметкерлері мен аудандық «Нұр Отан» филиалының бірінші орынбасары мен учаскелік полицейлердің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда мұндай іс-шаралар наурыз айының ортасында және тамыз айының аяғында өткізілді.

Аудан көлемінде барлық мемлекеттік мекемелерде жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу әдетке айналған. Жемқорлықпен күрестің нәтижелілігін арттыру мақсатында мамандар нақты ұсыныстарын да айтататын мұндай шаралардың маңызы зор деп санайды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасы береді және ұдайы Медеу аудандық әкімдігінің қадағалауында болады.

Еркенұр ЕРЗИЯ


 




 




Көрілген: 227    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 10.10.2017, 17:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31