Қылмыс

Медиацияның маңыздылығын түсіне алып отырмыз ба?

  • Медиацияның маңыздылығын түсіне алып отырмыз ба?

    Медиацияның маңыздылығын түсіне алып отырмыз ба?

Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни, екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластырылатын рәсім. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған.

Қазіргі кезде әлемде медиация тәсілі өте кеңінен таралған. Халықаралық статистикаға жүгенсек, медиация тәсілі арқылы даулардың 30-40 пайызы шешіледі, ал оның оң нәтижесі 85 пайызға дейін жетеді екен. Қытай елінде барлық даулардың 20 пайызы осындай тәсілмен шешілетін көрінеді. Сондықтан біздің елімізде де медиация тәсілі енгізіліп басталғанына біршама уақыт өтті.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2017 жылдың қаңтар айындағы өкімімен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ережесін баса айтып кетуге болады. Осы пилоттық жобаның мақсаты — даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу болып табылады.

Медиацияның тиімділігі тараптардың өзара оңтайлы және өзара тиімді шешімге келуінде, сонымен қатар, ол сот тәртібімен шешілетін дауларға қарағанда өте қысқа уақытта өз шешімін табуында және қабылданған шешімнің жалпы жұртқа жария болмауында болып отыр.

Ата-бабамыз кезінде шыңыраулы түрме ұстамай-ақ қоғамдағы неше түрлі даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен ғана шешкенін, дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Міне, енді «Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадам десек те болады.

Шындығында, медиация төңiрегiнде түйткiлдi тұстардың көп екендiгi рас. Маман даярлаудан бастап насихаттауға дейiнгi аралықтағы жұмыста бiрiздiлiк жоқ секiлдi. Содан болар, халықтың медиаторлар туралы бiлетiнi аз. Бiлген күннiң өзiнде бұл жүйе елдiң сенiмiне кiре қойған жоқ. Көпшiлiк әлi де болса санаға сiңе қоймаған медиациядан гөрi сара жолы бар соттарға жүгiнгендi жөн көредi. Халықтың санасында кез келген дау-дамайды «сот шешеді» деген ұғым қалыптасқан. Ал шетелде кез келген тұрмыстық дау-дамай медиаторлардың көмегімен шешіледі. Сондықтан медиация жүйесінің тезірек кең қолданысқа кіруі үшін жұмыстар жасалуы керек. Және жүйені жатсынбай, ертеден келе жатқан ата-баба жолы ретінде қолдауымыз қажет деп санаймын.

Жанна Еркінқызы

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының судьясы




Көрілген: 232    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 16:34

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30