Қылмыс

Мектеп директоры аттестациядан өту үшін мұғалімдерден ақша жинаған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жамбыл облысының Шу ауданында орта мектеп директоры қызметін асыра пайдаланғаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шу аудандық соты білім ордасының басшысы С.Л.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғаған. Іс материалдарына қарағанда, аудандық орта мектептің директоры С.Л. қол астындағы қызметкерлерге 2017 жылдың қаңтар айында мемлекеттік аттестацияны өткізу үшін мектепке Жамбыл облысы білім саласын бақылау департаментінен комиссия келетінін айтқан.


Сонымен қатар С.Л. аттестаттаудан сүрінбей өту үшін әрбір педагогтан 30 мың теңге, техникалық қызметкерлерден 9 мың теңгеден ақша жинауды талап еткен. Бұл әрекетімен ол жәбірленушілерге жалпы 270 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген.


Мектеп басшысы сот отырысында өз кінәсін мойындамады.


Соттың үкімімен С.Л. айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.


Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.


 




Көрілген: 273    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 24.10.2017, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 19:11
    Тінту тәртібі қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30