Қылмыс

Мемлекеттік тілдің мәртебесі – ел мәртебесі!

  • Мемлекеттік тілдің мәртебесі – ел мәртебесі!

    Мемлекеттік тілдің мәртебесі – ел мәртебесі!

1989 жылы Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін көтеруге талпыныс жасалып, «Тіл туралы» заң қабылданды. Бұл заңның ең басты жетістігі - қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, оны қорғау заңдастырылды.

Егер заңның мәтініне зер салып қарасақ, мемлекетімізде сот ici мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік тілмен бірге орыс және басқа тілдер қолданылуы мүмкін. Онда да қажет болған жағдайда ғана. Заңның басты қасиеті оның басқа нормативтік актілерден жоғары екендігінде және қалай оқылса солай қолданылуға жататындығында. Сот iciн мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды. Сондықтан да біз, ешқандай бұқпантайламай-ақ Қазақстанда сот iciн жүргізу тілі қазақ тілі деп анық айтуымыз керек. Шындығында да қазіргі таңда, мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі және басқа тілдер қолданылады деген сөйлем бастапқы мағынасындағыдай рөл атқармайды. Себебі демографиялық жағдайымыз түзеліп, мемлекетті құраушы ұлтың саны неғұрлым көтерілгенін, қоғамымызда қазақ тілді білікті мамандарымыздың жеткілікті екенін мақтанышпен айта аламыз.

Қазақ тілді балабақшалар мен мектептер саны артып, қазақ тілді аудиторияға арналған телебағдарламалардың саны да артқан үстіне арта түсуде. Яғни мемлекеттік тілдің қолдану аясы күнен-күнге кеңейіп, мәртебесі көтеріліп, толыққанды тілге айналуда. Бұл үлкен жетістік. Еліміздің демографиялық жағдайы түзеліп, қазақтың саны 68 пайызға артты. Мұның өзі ана тіліміздің қолданылу аясы кеңейіп, мемлекетіміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып күн сайын әлеуеті, айбынды асқақтауына әсер етті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықпен жүздесулері, студент - жастармен болатын әрбір кездесулері тіл мәселесіне бір соқпай кеткен емес. «Үш тұғырлы тіл» саясатына орай мемлекет басшысы «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» - деп қоғамымыздағы орнына шейңн атап көрсетті.

Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас. Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды. Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында екенін атап өткен дұрыс. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Әлі де болса қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру басты міндетіміз екенін ұмытпауымыз керек!

Қыдырмұратова Гүлнар, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы, Сот Мәжілісінің хатшысы.




 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 01:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31