Қылмыс

"Мен қансырап жатқанда ол кекетіп, күліп тұрды" - ақтөбелік әйелді бұрынғы күйеуі пышақтаған

  • "Мен қансырап жатқанда ол кекетіп, күліп тұрды" - ақтөбелік әйелді бұрынғы күйеуі пышақтаған

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері күйеуі пышақтады делінген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.


"Полиция Айсұлу Акиеваның күйеуіне полиция ешқандай шара қолданбады деп бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ер адамға қатысты сол күні әкімшілік хаттама толтырылып, 3 күнге қамауға алынды, сондай-ақ оның тәртібіне қатысты ерекеше талаптар қойылды", - дейді Ақтөбе облысы ІІД-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Ерболат Сарықұлов.


Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 19 желтоқсан 08:00-де zello.aktobe паблигінде жарияланған ақпарат бойынша "102" пультіне әйел адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түскен. Әйел адам өзіне күйеуі жарақаттады деп арызданған.


"Бұл дерекке қатысты оқиға орнына полиция барып, материал жинады. Заттық дәлелдер алынды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.


Мемлекеттік органның ақпараты бойынша, ер адам мен әйелі ажырасқан және кәмелетке толмаған екі баласы бар.


"19 желтоқсанда А. есімді әйел достарымен қыдырып кеткен, үйіне таң ата оралған. Осы кезде бұрынғы күйеуі әйелді сол иығынан пышақпен жарақаттаған.


Мұның алдында да бұл отбасында бірнеше рет жанжал болған", - дейді Ақтөбенің ЖПҚ өкілдері.


Мұның алдында zello.aktobe паблигінде әйелдің жантүршіктірер сөздері жарияланған болатын. Ол күйеуі оны пышақтап, жәбірлеген деген еді. "Мен қансырап жатқанда ол кекетіп, "өле қал" деп күліп тұрды. Екінші күн ауруханадамын. Сағат сайын қоңырау шалып, хабарлама жазып қорқытады. Күн сайын қорқынышым артып барады. Элеваторный ауданының учаскелік полицейі Нұрбек мұны бұзақылық дейді. Заң қайда? Мен балаларым мен жақындарымның өмірі үшін қорқамын. Оны тұтқындау немесе психиатрияда емдеуін сұраймын. Бәрін ескертемін. Әкім Бердібек Сапарбаевтың осы жағдайға назар салуын сұраймын", - деп жазыпты әйел. 





Көрілген: 801    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 22.12.2017, 22:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31