Қылмыс

Мүлікті тіркемегендерге жауаптылық бар ма?

  • Мүлікті тіркемегендерге жауаптылық бар ма?

    Мүлікті тіркемегендерге жауаптылық бар ма?

Жылжымайтын мүлікті тіркеудің белгілі уақыты бар ма? Уақытты өткізіп алғандарға қандай жауаптылық қарастырылған?

Ләзиза ИСАЕВА

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ


Халыққа қызмет көрсететін салалардың барлығында іргелі өзгерістер орын алып жатыр. Соған орай, заңнамалар да жаңғыртылып, қоғамның сұранысы толық ескерілуде. Бұл азаматтардан да заңға бағынып, тәртіпті сақтауды талап етеді. Мәселен, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар мүлікті тіркеу үрдісіне үлкен бетбұрыс жасады. Соның нәтижесінде жылжымайтын мүлікті заңдастыру анағұрлым жылдам, жеңіл, тиімді бола түсті. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заңға сәйкес, мүлікке құқықтарды тіркеу ережесі енгізіліп, тіркеуге өтініш беру мерзімі белгіленді. Талап бойынша тұлға құқықтың пайда болуынан бастап, алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен тиісті орынға жүгінуге тиіс. Уақытты өткізіп алған жағдайда мерзімді қалпына келтіру сот тәртібімен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, көрсетілген мерзімді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отыз­ға дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

К.БАЗАРБАЕВ,

Алматы қаласы Әділет департаменті

бастығының орынбасары


 Алаш айнасы




Көрілген: 310    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 21:42

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30