Қылмыс

"Мұндай хайуан өмір сүрмеуі керек" - өлі табылған Назерке Әріптің анасы айыпталушыға қатаң жаза талап етпек

  • "Мұндай хайуан өмір сүрмеуі керек" - өлі табылған Назерке Әріптің анасы айыпталушыға қатаң жаза талап етпек

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адамға қатысты сот отырысы басталады. Tengrinews.kz тілшісімен әңгіме барысында қыздың анасы Сәуле Сарбаева Талғар тұрғынына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруге барын салатынын айтты.


"2009 жылы өзінің танысын әйелді өлтіргені үшін сотталған. 2020 жылға дейін түрмеде отыру керек болатын, тәртібіне байланысты ерте босатылды. Не ойлайды олар? Оны 15-20 жылға соттап, кейін тәртібіне байланысты тағы да ерте шықса, кейін қылмыс жасамай ма? Ол қылмысын тоқтатпайды. Ойткені ауру. Ол бір ермегі сияқты: өлтіру мен зорлау. Сондықтан оған ең қатал жазаны - өмір бойына бас бостандығынан айырғанын қалаймын. Менің мақсатым осы. Тірі кезінде жазасын алғанын тілеймін. Осыны көріп, аз да болса тыныштық тапқым келеді. Мұндай хайуан өмір сүрмеуі керек", - дейді Сарбаева.


Бұл іс бойынша сот отырысы жабық түрде өтеді.


Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұратын. 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді. Ал 9 қазанда 33 жастағы күдікті ұсталғаны хабарланған. Ол Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны. Ер адам жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған. Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен. Ер адам мұның алдында адам өлтіру, зорлау мен тонау үшін үш рет сотталған. 




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

жұма, 08.12.2017, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Наурыз, 00:56
    Медиация институты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31