Қылмыс

Наркодиспансерде жігітті ұрып өлтірген полицей мен орталық қызметкерлері сотталды

  • © Sputnik / Ксения Воронина

    © Sputnik / Ксения Воронина

Полиция қызметкері мен медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлеріне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Астанадағы №2 Алматы аудандық сотының залынан.


Ішкі істер департаменті патруль қызметінің сенжанты Берік Мырзабеков он жылға, фельдшер Саят Сатын мен мекеменің санитарлары – Фархат Қамбетов, Сұңғат Темірғалиев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.


Сотталушылар ҚР ҚК 106- бабы 3-бөлімінде (байқаусызда зардап шегушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды, сондай-ақ Мырзабеков ҚР ҚК 362- бабы 4-бөлімі 1, 2-тармақтары (билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.


«Құдайым-ай, олар әскерге жұмыс істеймін деп барды ғой. Жастарға жұмыс болса, санитар болып баратын ба еді… Не үшін, Алла тағала», — деді сотталушылардың бірінің анасы сот үкімі шыққаннан кейін.



Осы жылдың наурызында 29 жастағы Николай Кривенко Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында ұсталған. Түнде полицияға белгісіз біреу тұрақтағы көліктердің шамдарын сындырып жүргені туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына келген полицейлер Кривенконы Астананың медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізеді.

Ұсталған жігіт тәртіпке мойынсұнбай, фельдшерді ұрып жібереді. Жігітті тыныштандыру үшін полиция кіші сержанты мен орталық қызметкерлері оны соққының астына алған. Кривенко сол жерде қаза болған.

Сарапта Николай Кривенко ұсталған кезде сау болғанын анықтады.




 




 




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31