Қылмыс

Назерке Әріпті өлтірген такси жүргізушісі туралы адамшошырлық деректер анықталды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Алматыда 18 жастағы талапкер Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті такси жүргізушісі бұрын сотты болған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық прокуратурасының өкілдері хабарлады.


Сөйтсек, ер адам бұзақылық, зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмыстарын жасағаны үшін сотталған болып шықты.


"2003 жылы ол Бостандық аудандық сотының үкімімен бұзақылық және зорлау қылмыстарын жасады деген айыппен үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. 2008 жылы "Тонау" бабы бойынша үкім шыққан. 2009 жылдың 10 ақпанында ер адам кісі өлтіргені үшін түрмеге тоғытылды. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жаза мерзімінің жартысын өтеген соң, бостандыққа шығарылған", - деді қалалық прокуратура өкілдері.


Назерке Әріптің өлімі дерегі бойынша іс Алматы қаласы прокуратурасының бақылауына алынды. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды.


Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған.


Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады.


Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген.


Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты. Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді.


"Ол жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған. Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен. Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол осы уақытқа дейін жасырынып жүрді, бірақ оның аты-жөнін бірден анықтадық", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.


Ер адам өз кінәсін мойындап отыр екен.




 




Көрілген: 1525    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 10.10.2017, 18:17

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31