Қылмыс

ОҚО-да 14 жастағы қызды ұрлап әкетіп, аяусыз зорлаған күдіктінің ісіне сот нүкте қойды

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Оңтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы оқушы қызды ұрлап әкетіп, қарумен қорқытып тұрып зорлаған күдіктінің ісіне сот бүгін нүкте қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.


Аталған қылмыстық іс ОҚО ауданаралық сотында алты айдан аса уақытта қаралып, бүгін судья Шахидинов шулы іске үкім шығарды.


«Оқушы қызды зорлаған 21 жастағы қылмыскерге сот 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ, моральдық және материалдық шығын ретінде 700 мың теңге өндіріп беруді қанағаттандырды. Жалпы азғын бұдан да көп жылға кету керек еді. Судья қылмыстық істен «Адам ұрлау», «Қарумен қорқытып күш көрсету» деген баптарды алып тастады. Жәбірленуші талап соттың үкімімен толықтай келіскенмен, педофилдің туыстары аппеляциялық шағым түсірмекші», - деді зорланған жеткіншектің қорғаушысы.


Педофилден зардап шеккен оқушы қыздың мектепке бара алмай отырғанын ата-анасы растады.


«Қызым мектеп түгіл көшеде жүре алмай қалды. Өткенде бір сыныптасы ауылдан көріп қалып: «Сен екіқабат екенсің ғой, ауруханаға сол үшін жатқалы жатырсың ба? Мектепте сен туралы осындай әңгіме жүріп жатыр» деген. Осы сөз оған қатты соққы болып, екі күн жылады. Әкімдіктен психолог сұрағанымызбен ер кісіні берді. Қызым қайғылы жағдайдан соң еразаматпен сөйлеспейді, қатты шошынып қалған. Тым құрымаса «9-сыныпты бітірді» деген куәлік ала аламыз ба сол уайым. Қызыма сот үкімін әлі айтпадым. Жұмысқа тұрып, кішкене ақша болған соң қызымды емдетсем» ,- дейді жәбірленуші қыздың анасы.


Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 10-мамыр күні ОҚО 21 жастағы тұрғыны 14 жастағы оқушы қызды алып қашып, артынша зорлап тастаған еді. Шулы оқиға халық арасында резонанс тудырып, ісіне салғырттық танытқан Бәйдібек ауданының прокуроры Әбутәліп Мұстафаев қызметінен қуылып, бірнеше полицей жауапқа тартылған болатын. 




Көрілген: 339    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 16:24

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30