Қылмыс

ОҚО-да 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары үздіксіз зорлап келген

  • Фото: theopenasia.ne

    Фото: theopenasia.ne

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылында 1 сынып оқушысын көрші мектептің жоғары сынып оқушылары үздіксіз зорлап келген. Бұл туралы осы өңірден шығатын «С-ИНФОРМ» газеті жазды.


Басылымның хабарлауынша, өткен жылдың тамыз айында 7 жасар бала Ө.Жәнібеков атындағы №73 мектептің 1-сыныбына барған екен. Арада бірнеше күн өткеннен кейін оны Ж.Баласағұн атындағы №74 мектептің 7-8 сыныптарында оқитын екі оқушысы ұрып-соғып, артынша зорлапты.


Жәбірленген бала әжесімен бірге тұрады екен. Анасы ақша табу үшін Алматыға жұмысқа кеткен. Ал, әкесінің кім екенін ол білмейді. Әжейдің айтуынша, 27 тамыз күні немересі үйге дене жарақаттарымен келіпті. Ол жоғары сынып оқушылары өзін тастанды үйлердің біріне алдап апарып, зорлағанын айтқан.



«Немеремнің сөзіне алғашында сенбей, оны дәрігерге апарып тексерттім. Хирург баланы қарап болған соң шұғыл полицияға хабар берді. Ауруханаға жасөспірімдер ісімен айналысатын аға инспектор Нариман Жұмабаев келді. Ол баланы ауызша сұрақ астына алды. Мұнан кейін ол өз көлігімен бізді полиция бөлімшесіне алып барды. Алайда, басшысының жоқтығын сылтауратып, менен арыз алудан бас тартты», — дейді жәбірленген баланың әжесі.


Арада бірнеше сағат өткеннен кейін әлгі полицей әжейдің үйіне өзі келіпті. Жалғыз емес, жанына №74 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын ерте келген. Олар кінәлі оқушыларды ұстап, есепке қойып, жазалауға уәде беріп, ант-су ішіпті. Тек әжейден арыз жазбауын сұрап, жалынып тұрып алған. Әжей болса адамгершілікке салынып, олардың дегенінен көніпті.


Алайда, полиция қызметкері де, педагог та уәдесінде тұрмаған. 9 қыркүйек күні әлгі жоғары сынып оқушылары 7 жасар баланы қайта қыспаққа алып, тағы да зорлапты. Бұл жолы баланың әжесі №74 мектептің басшылығына барып арызданбақшы болған. Алайда, қоластындағылары қарт кісіні директорға еш жолатпай, кабинетіне кіргізуден бас тартыпты.


Арызды Абай ауылындағы полиция бөлімшесі де қабылдаудан бас тартқан. Шарасы таусылған әжей мұнан кейін прокуратураға барып, болған жайтты жайып салыпты. Ондағылар: «Абайға кері қайта беріңіз, полицейлер сіздің арызыңызды қабылдайды, біз оларға айтып қойдық» деп шығарып салған. Бірақ, полицейлер соған қарамастан қылмыстық іс қозғауға асықпапты.


Осылайша уақыт өте береді. Зорлаушылар саны бұл кезде екеуден алтауға бір-ақ жеткен. Ең сорақысы, бұл жайттан №74 мектеп директорынан бастап, оның барлық орынбасары, мектеп мұғалімдері хабардар болған екен. Алайда, біле тұра ешқайсысы 7-8 сынып оқушыларын тоқтатуға әрекет жасамаған. Тек ауызша ескертумен шектеліп, ауыр қылмыстың одан әрі жалғасуына жол берген.


Ақырында әбден зәбір көрген бала түнде ұйқыдан қалыпты. Ол әр түні шошып оянып, су терге түседі екен. Мектепке барудан бас тартып, қазір әжесінің жанынан бір еліге де алысқа бармайды.


Ал, басылымның хабарлауынша, мәселені журналистер көтере бастағаннан кейін ғана полиция әжейдің арызын қабылдап, қылмыстық іс қозғаған. Алайда, қозғалған істе баланы зорлауға қатысты бап жоқ. Тек, "денсаулығына орта деңгейлі зақым келтіргені үшін" деген баппен іс тергеу жүріп жатыр екен.


«С-ИНФОРМ» тілшісінің жазуынша, қос мектептің басшылары да мәселені ушықтырмай, істі жылы жауып қойғысы келіп отқан көрінеді. Мәселен, №74 мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні дейді басылым өкілдері. Сондай-ақ, басшы әйелдің қайынағасы ОҚО Ішкі істер департаментінде үлкен лауазымдардың бірінде отыр екен. 


sn.kz




Көрілген: 2171    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30