Қылмыс

ОҚО-да 85 жастағы кейуананың баласын не үшін өлтіргені белгілі болды

  • © Sputnik / Константин Чалабов

    © Sputnik / Константин Чалабов

Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылында өз ұлын өлтірген 85 жастағы кейуанаға қатысты сот процесі ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Қарияға 55 жастағы маскүнем ұлын өлтірген деп айып тағылды, деп хабарлады otyrar.kz.


Тергеу кезінде марқұм жәбірленуші алкогольді ішімдікке әуес болғаны, сондай-ақ, мас халде туған анасын сабайтыны анықталған. Қанды оқиға күні де қарт анасына қол көтерген. Күйіп кеткен шешесі қапелімде асхана пышағын алып баласына сұғып алған. Оқиғаның ақ-қарасы сотта белгілі болады.


Қарт ананың егде жасы ескеріліп, сотқа дейінгі тергеу кезінде үйқамақта болған. Көршілері өз баласын өлтірген кейуананы жақсы кісі, сыпайы деп сипаттаған. Тіпті көршілер болып кейуананы қорғап, жақтап, петицияға қол қоймақ ниеттері бар екенін білдірген. Сайрам ауданының Ақсукент ауылында болған бұл жағдай бүкіл елдің зәресін ұшырып, жағасын ұстатқан болатын.


Ұлын өлтірген соң кейуана полицейлерді өзі шақырып, кінәсін мойындаған. Араққа сылқия тойған ұлы анасын таяққа жыққан, шыдай алмаған әжей тәртіп сақшыларын шақырғанын айтқан.


Полицейлерді шақыртқанына одан бетер ызаланған 55-тегі ұлы анасына қайта қол көтерген. Кейуана қорғанбақ ниетте асхана пышағын пайдаланған.


 


 Sputnik




Көрілген: 2340    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31