Қылмыс

ОҚО-да емдік шөпті жинаған Ауғанстанның 32 азаматы ұсталды

  • © Новое Телевидение

    © Новое Телевидение

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан шекарашылар дәрілік қасиеті бар шөп жинап жүрген Ауғанстанның 32 азаматын ұстап алды.


Оларды Сарыағаш шекара бекетінің қызметкері С.Саттаров елді мекенінен 18 шақырым жердегі иен даладан байқап қалған.


Тексеру кезінде келімсектердің емдік қасиеті бар қызылдың құмында ғана өсетін «Сасық кеурек» өсімдігін заңсыз жинап жүргені анықталды.


Шетелдіктердің мәлімдеуінше, күніне бір адам 5 келіге дейін өсімдік жинап отырған. Сосын оны ары қарай Қытайға жөнелтпек болған.


Әскерилердің сөзіне қарағанда шетел азаматының барлығы Қазақстанда заңсыз жолмен жұмыс істеп жүрген. Және олар бұл іспен біраздан бері айналысып жүрсе керек. Өйткені айналаны қазып тастаған көрінеді.


Жалпы «кеурек» қызылдың құмында оның ішінде оңтүстік өңірлерінде ғана өседі. Онда да ерте көктемде жайқалып тұрады да бір айдың ішінде діңгегі биіктеп қурап кетеді. Өсімдік бір метрдей болып өседі.


Оған қоса ұсталғандардың айтуынша, «Сасық кеурек» өсімдігінің шикізатына Үндістан, Пәкістан, Иран және Ауғанстан сияқты елдерде үлкен сұранысқа ие екен. Өсімдіктің әр тоннасы 20 мың долларға дейін баратын көрінеді.


«Қазіргі таңда ауғанстандықтардың қай уақыттан бері жұмыс істеп жатқаны және қалай келгені анықталып жатыр», – дейді шекарашылар.


24.kz


 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 11.09.2017, 21:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30