Қылмыс

ОҚО-да жасөспірім әкесін ұрып өлтіріп мәйітін шұңқырға тастап кеткен

  • © Sputnik / Александр Кондратюк

    © Sputnik / Александр Кондратюк

Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған бала әкесін ұрып өлтіріп, мәйітті қала сыртындағы шұңқырға апарып тастаған. Ол осы әрекеті үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады TVK арнасы.


Шешім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта шығарылды. Судья сотталушының 18 жасқа толмағанын және істеген қылмысы үшін қатты өкінетінін ескеріп, жеңілдетілген жаза тағайындады. Сот Орман Бағдаулет әкесін абайсызда өлтіргенін негізсіз деп тапты.


"Орман Бағдәулет Бақытұлы ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған осы бап негізінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін. Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын", — деді ОҚО қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жәнібек Сейітжаппаров.


Қанды оқиға Қазығұрт ауданында болған. Өткен жылдың 19 қарашасы күні Орман Бағдаулет әкесінің кепілдегі көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, соғып алған. Бұған ашынған әкесі мас күйінде баласына қол көтерген. Жасөспірім әкесінің әлімжеттігіне шыдай алмай, темір затпен басынан ұрып өлтірген. Мұнан соң мәйітті өзге көліктің жүксалғышына салып, қала сыртындағы шұңқырға апарып тастаған. Полицейлер денені бір аптадан кейін тапқан.


Sputnik


 


 




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 19:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30