Қылмыс

ОҚО-да жасөспірім мүгедек баланы зорлаған

  • © КиевВласть

    © КиевВласть

Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедек баланы зорлаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 жастағы айыпталушыны 11 жылға соттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аталған соттың үйлестіруші-судьясы Әбинұр Қарабаевтың айтуынша, қылмыстық оқиға өткен жылдың 17 қазан күні болған.


2001 жылы туған сотталушы сол күні үйіне ішімдік ішіп, мас болып келген. Тіпті жоғары қабаттағы пәтеріне де көтеріле алмаған. Сол кезде 14 жастағы жәбірленуші жеткіншек оған көмектесіп, үйіне кіргізіп жібереді. Осыны пайдаланған жасөспірім мүгедек баланы пышақпен қорқытып, зорлаған.


Ертесіне жәбірленуші болған оқиғаны ата-анасына айтқан.


Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындамағанымен, сот-медициналық сараптама қортындысымен баланың зорланғаны дәлелденді.


Енді 17 жастағы жасөспірім 11 жыл 3 ай мерзімін қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болды. Бұл үкімді облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы күшінде қалдырды.


 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.05.2018, 18:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31