Қылмыс

ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

  • ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

    ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

Оңтүстікте көңілдесімен бір шаңырақ астында тұрғысы келген күйеуі өзінің әйелін соққыға жығып, өлтіріп қойған. Бұл туралы марқұм келіншектің жақындары өңірдегі NUR.KZ тілшісіне мәлімдеді.



ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

Жұлдыз Мәуленқұлова



Бұл ақпаратты ОҚО ІІД растап отыр. Қылмысқа күдікті деп танылған отағасы қазір уақытша қамауда.


Жұлдыз Мауленқұлова осыдан үш бұрын тұрмысқа шыққан. Ол мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол тапқан нәпақасын бір тиына дейін отағасы мен енесіне беріп отырады. Күйеуі жұмыссыз болғанымен, әйеліне жиі қол көтерген, - дейді оның жақындары.


Үнемі соққыға жығылатын келіншектің көк ала қойдай күйінде төркініне барып, көмек сұрап жүрген көрінеді. Осы жылдың қаңтар айында әйелге белгісіз азаматша хабарласып, оны күйеуінің көңілдесімен таныстырған. Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екендігін жасырмай,  әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін азаматшаның өлі денесі қорадағы мал сарайдан табылған.


"Жұлдыз қайтыс болар күні екі сағат бұрын анасына хабарласқан. Күйеуімнің ашынасы және күйеуім хабарласып, қорқытып жатыр деді. Бұған аса мән бере қойған жоқпыз. Кейін екі сағаттан соң қаралы хабар жетті. Асылып өліпті деді. Бірақ біз бұған сене қойған жоқпыз. Өйткені Жұлдыздың денесінде ұрып соққан іздері бар болатын. Денесі қан-жоса болған. Сөйтіп, сараптама жұмыстарын талап еттік. Қарындасымның қиналып өлгенін сараптама растап берді. Күйеу балам үнемі қарындасыма қол көтеретін. Үйге талай мәрте таяқ жеп келді. Ақыры ұрып өлтірді", -дейді марқұмның туған бауыры Бахадыр Мауленқұлов.


Жұлдыздың туысқандарының сөзінше, айуандық әрекетке барған отағасы жазадан құтылып кетуі мүмкін. Өйткені келіншек қайтыс болған кезде сараптама екі рет жасалынған. Алғашқыда марқұмның денесіндегі жарақаттар көрсетілмеген. Кейін қайта тағайындалып, әйелдің қабырғалары сынғаны және бірнеше жерден жарақаттанғаны анықталған.


ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

Марқұмның артында қалған балалары



ОҚО ІІД берген мәліметі бойынша, тағайындалған сараптамалар нәтижесінің негізінде 09. 09.2017 жылы ҚР ҚК 105-бабынан "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігіне "Адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" қайта дәрежеленген. Сотқа дейін тергеп тексеру барысында күдікті ретінде қайтыс болған азаматшаның күйеуі Сайрам ауданының тұрғыны қамауға алынған.


ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады

Марқұмның артында қалған балалары



Марқұм келіншектің артында екі баласы жетім қалған. Ата-анасының қарауынсыз қалған баланың үлкені бірден асқан, екіншісі әлі бесіктегі сәби. Қазір бүлдіршіндер Жұлдыздың жақындарының қамқорлығына алынған.





Көрілген: 1273    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.12.2017, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Наурыз, 00:56
    Медиация институты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31