Қылмыс

ОҚО-да көңілдесін өлтірген әйел 10 жылға сотталды

  • © kubnews.ru

    © kubnews.ru

Отыз жеті жастағы әйел ашынасын асхана пышағымен өлтірген. Көңілдесімен болған кикілжің соңы кісі өлімімен аяқталды. Шілдеде болған қанды оқиғаға бүгін сот үкімі оқылды. Қылмысты кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылған Төлеби ауданының тұрғынын 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.


Айжан Медеубекова, ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмысты істер жөніндегі сотының судьясы: «Сотталушы А. есімді азаматшаны кінәлі деп тауып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін. Үкім мерзімі 2017 жылдың 31 шілдесінен бастап есептелсін. Сот шығындарын өтеу үшін мемлекет пайдасына 405 мың 138 теңге сотталушының есебінен төленсін.»


Ал кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған сотталушының бұрынғы күйеуі сот үкімімен келіспейді. Баламның анасы кісі өлтірмек түгілі біреуге зәбір көрсетуге шамасы келмейді дейді ол.


Мурадали Ашфаров, сотталушының бұрынғы күйеуі: «Анна кісі өлтірген жоқ. Ол әлсіз әйел. Марқұм абайсызда өзін өзі өлтіруі мүмкін. Бірақ сот мұны ескермей отыр.»


Сотталушы Анихинаның қорғаушылары да сот үкімімен келіспейтіндерін айтады. Қос адвокат жоғары сот сатыларына шағым келтіреміз деп тас түйін бекініп отыр.


Тұрғын Айдарбеков, адвокат: «Кісі өлтірді деп айыпталып отырған Аннаның бойы — 155 см, марқұм 186 см болған. Пышақ толығымен 18 см енген. Бұған сотталушының шамасы да келмес еді. Біздің ұсынымдарымызды сот ескермеді. Жоғары сот инстанцияларына шағымданамыз.» 


otyrar.kz




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30