Қылмыс

ОҚО-да педофилдің туыстары 14 жастағы зорланған қызды келіндікке сұрап, 100 мың теңге ұсынған

  • © miasskiy.ru

    © miasskiy.ru

Шымкентте 14 жастағы оқушы қызды ұрлап әкетіп, зорлаған күдіктінің ісі қазір сотта қаралып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Естеріңізге сала кетсек, шулы оқиға ағымдағы жылдың ақпан айында орын алған болатын. Оқушы қызға азғындық жасаған 21 жастағы күдікті қазір қамауда.


Оған қылмыстық кодекстің үш бабымен айып тағылған, яғни «Адам ұрлау», «Қарумен қорқытып күш көрсету», «Кәмілет жасына толмаған жеткіншекті зорлау» фактілері. Жәбірленушінің анасы педофилдің туыстары мен қорғаушысы үнемі қоқан-лоққы көрсетіп, арызын кері алып, кешірім беруге үгіттейтінін мәлімдеді.


- Соттың бітуіне жақын қалғанда күдіктінің бес туысы үйімізге келіп, бірінші рет кешірім сұрады. Ұлдарын соттатпай, керісінше менің қызыма үйлендіру керек екен. Баланың шешесі «ұлымның өмірі түрмеде құрдымға кетеді» деп зар жылайды. Ал менің қызым әлі мектепке барған жоқ. Жүрегі сыр беріп, көшеде келе жатып құлап қалады. Оның өмірін күл-талқан етті, соны ойлап тұрған ешкім жоқ. 14 жастағы қызымды педофилге тұрмысқа қалай берем? Күдіктінің қорғаушысы: «Кешірім бермесең 10 жылға соттатамын. Қызың қара бет болып қалады. Одан да екеуін үйлендіріп, үстіне 100 мың теңге ал», - деп маған үнемі қоқан-лоққы жасайды, - дейді ашынған ана.


Көп балалы ана алты айға созылған сотта әбден қиналғанын айтады.


- Осы сот әділ өтсін, ешқайсысынан қалмайық деп жолдасымыз екеуміз де жұмыстан айырылдық. Себебі, аптасына 2-3 күн шулы іспен жүруің керек. Бәрінен бұрын қызыма қатты қиын болып жатыр. Бұрын да жүрегі ауыратын еді, қазір мына жағдайдан соң дерті асқынып кетті. Осындай жайттың барлығын ескеріп моральдық шығынды – 10 миллион теңге, ал материалдық шығынды - 400 мың теңгеге бағаладық. Сот барысында прокурор судьядан күдіктіні 15 жылға қамауды сұрады. Мен де өз келісімімді бердім. Ал туыстарына да, қорғаушысына да айтарым - қызымды қорлаған қаскөйге кешірім жоқ. Әр қылмыскер жазасын алу керек, - дейді жәбірленушінің анасы.


Аудан прокурорын креслосынан айырып, бірнеше полицейді істі қылған шулы оқиғаға келер аптада сот нүкте қояды деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, 14 жастағы оқушы қыздың зорланғаны туралы ақпарат халық арасында үлкен резонансқа ұласып, бірнеше шенді жауапқа тартылған болатын. 




Көрілген: 1551    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

сәрсенбі, 08.11.2017, 13:24

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
3 Қараша, 19:11
Тінту тәртібі қандай?

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30