Қылмыс

ОҚО-да зорлады деп жалған айып таққан бойжеткен сотталды

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Сарыағаш ауданының тұрғыны «Өзбекстан азаматтары зорлады» деген желеумен тәртіп сақшыларын шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Сарағаш ауданы прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымовтың сөзінше, Абай ауылының тұрғыны әпкесінің айтуымен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматымен бірге ішімдік ішеді. Бойжеткен кейін өзінің үстіндегі көйлегін жыртып тастап, Сарыағаш аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оқиға орнынан келген тәртіп сақшыларына ол «құрылысшылардың екеуі де ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, мені еркімнен тыс зорлады» деп арызданған.


Ауданның полицейлері осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2- бөлігі «Зорлау» бойынша іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді.


Дегенмен, мастығы тарқаған соң бойжеткен полиция қызметкерлеріне өзі жалған арыз жазғаны және жалған жауап бергенін айтып беріп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген.


Сөйтіп көрінеу жалған сөз жеткізген азаматшаның үстінен Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» және 420-баптың 2 бөлігімен «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма» бойынша қылмыстық іс қозғалып, толығымен дәлелін тапты.


Сарыағаш аудандық сотының үкімімен бойжеткен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


 


 




Көрілген: 754    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.12.2017, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31