Қылмыс

ОҚО тұрғыны әйелін ұрып өлтірген, алайда полицейлер суицид деп істі жауып тастаған

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

Оңтүстік Қазақстан облысында әйелін өлтіріп, кейін асылып қалды деп жасырған тұрғын сотталды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының 33 жастағы тұрғынын 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Судья Дәурен Мадалиев қараған сот барысында Е. есімді айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Қасақана кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болды.


Айта кетейік, қылмыстық оқиға 2017 жылы қаңтарында Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында болған еді. Айыпталушы әйелінің қорада асылып қалғанын айтып, полицияға хабар берген. Алайда, марқұмның туыстары қызының өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін еместігін алға тартып, тәртіп сақшыларына шағымданады. Себебі, 32 жастағы келіншек үнемі төркініне соққыға жығылатынын айтып келген. Ал, қайтыс болар алдында ол өзіне белгісіз әйел хабарласып, күйеуінің көңілдесі бар екенін айтқан. Тіпті отағасының өзін үйден қумақшы болғанын да жеткізген екен. Осы жағдайдан кейін оның өлі денесі табылған еді. Осыған қарамастан алғашқы сот-медициналық сараптама қорытындысы екі баланың анасының соққы алмағанын көрсетіп, «марқұм өз-өзіне қол жұмасаған» деген шешіммен іс жабылған болатын.


Алайда, марқұмның туыстары мұндай қорытындыға қанағаттанбай, облыстық ІІД мен «Сана сезім» әйелдердің құқығын қорғау орталығына шағымданған. Осыдан кейін араға айлар салып, қылмыстық іс қайта қозғалды.


Марқұмның мүрдесі қазылып алып, сот сараптамасы жүргізілді. Нәтижесінде, келіншектің ауыр соққыдан қабырғаларының сынғаны және бірнеше жерден жарақат алған анықталған. Ал, оның күйеуі адам өлтірген деп айыпталып, қамауға алынған еді. Тергеу барысында сезіктінің қылмысы толығымен дәлелін тауып, сотқа өткен болатын. 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

жұма, 06.04.2018, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31