Қылмыс

ОҚО университетінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қайғылы оқиға 11 мамыр күні болған.


Жұмыс орнына әйелін іздеп келген күйеуі жанжал шығарып, ақырында оған 5 рет пышақ сұғып алған. Бір соққы дәл жүрегіне тиген. Жарақат алған әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған.


Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.


«Аталған факті бойынша Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты әл-Фараби полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдікті қамауда», - делінген таратылған хабарламада.


 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 14:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30