Қылмыс

Олимпиада чемпионы Еркін Ізбасарды қорғап сөз сөйлеу үшін Ақтөбеге арнайы келді

  • Еркін Ізбасар. © kp.kz

    Еркін Ізбасар. © kp.kz

Бүгін Ақтөбеде өтіп жатқан төрт ағайынды сотына Еркін Ізбасарды қорғау үшін Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко арнайы келген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Ол сот залында тұрып, атышулы Еркін Ізбасардың қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейге шығуына жағдай жасаған меценат азамат екенін айтты.


"Еркін Ізбасарды кеңес үкіметінен бері танимын. Мен ол кезде грек рим күресінен кеңес үкіметінің құрама командасындамын. Сол кезде менімен бірге Ақтөбе облысы Шалқар ауданынан Есенгелді Батырғай деген жігіт болды. Онымен бірге жарыстарға барып жүрдік. Есенгелді арқылы Еркінмен таныстым. Еркін құрама команданың жаттығуына жиі келіп, біздің ойындарды қарап жүрді. Спортты бағалайтын жанкүйер ретінде таныдым", - деді аты аңызға айналған әлем чемпионы Юрий Мельниченко.


Сот залына келіп, айыпталушыға қолдау білдірген тұңғыш Олимпиада чемпионы Еркін Ізбасардың қазақ күресіне қолдау білдірген меценат екенін айтты.


"Он жыл бұрынғы Азия ойындарына Еркін жанкүйер ретінде келіп жүрді. Спортшыларға қолдау білдіріп, кеңестерін айттатын. Мен бұл жерде Еркін Ізбасарды да Аухат Қалиевты да жақсы жақтарынан танимын деп айта аламын. Олармен таныс болғалы тек азаматтықтарын ғана көрдім. Қиын кездері спортшыларға қаржылық қолдау көрсете білді және ол бір реттік емес. Тұрақты түрде спорттың дамуына үлес қосып, спортшыларға демеушілік танытты. Әлемдік еркін күреске қазақстандық спортшылардың шығуына мүмкіндік жасады. 2015 жылдан бастап ақтөбелік спортшылар оң өзгеріс көрсете бастауына да бұл кісінің үлесі бар", - деді Мельниченко. 




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.04.2018, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31