Қылмыс

Өлтірілген көкшетаулық спортшының анасы: Жалғыз балам еді

  • Өлтірілген көкшетаулық спортшының анасы: Жалғыз балам еді

    Өлтірілген көкшетаулық спортшының анасы: Жалғыз балам еді

Көкшетауда туыстары мен жақындары пауэрлифтингтен әлем чемпионы Евгений Галузинский жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 жастағы спортшыға бес студент шабуылдап, олардың бірі пышақ салған. Осыдан Галузинский қан жоғалтқаннан ауруханада қаза тапқан. Оқиға 14 наурызға қараған түні болған.


Спортшының әкесі қайтыс болған, анасы Марина Галузинская баласын жалғыз өсірген.


"Жанжалдаспайтын, әрдайым мәселені байыппен шешуге тырысатын. Сол түні досымен бірге тұрған оған 18-20 жастардағы студенттер шабуылдаған. Келесі күні мен ІІБ-ге барып, сол досын көрдім. Бірде-бір жеріне зақым келмеген - соған қарағанда Женяға жабылып жатқанда жасырынып қалған болуы керек. Менің баламды пышақтағаннан кейін де ұрып-соққаны көрініп тұрды", - деді қан жылаған ана.


Айтуынша, Евгений баласымен және әйелімен анасынан бөлек тұрып жатқан. Марина Галузинскаяның мәліметінше, шабуыл жасаған студенттер Қасымов атындағы Көкшетау университетінде оқиды.


Марқұмның бапкері Юрий Колесниковтың айтуынша, Евгений 12 жасында пауэрлифтингпен айналыса бастаған.


"Ол өте байсалды, қайырымды бала еді. Евгений Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 2009 жылы Бразилияда әлем чемпионатында рекорд жаңартып, жеңіске жетті. Жұлдыз ауруымен де ауырған жоқ. 2010 жылы әлем чемпинатында үздік болар еді. Бірақ біздің басшылық өтінішті кеш түсіріп, жарысқа бара алмай қалдық. Осыдан кейін 2011-2012 жылдары әлем чемпионатында екі мәрте үшінші орыннан көрінді. Яғни ешқашан жұлдыз ауруымен ауырған жоқ. Соңғы жылдары үйленіп, ақша таба бастаған. Ал біздің спортта ақша табу қиын, сондықтан спорттан шеттей бастаған еді", - дейді бапкері.


Спортшының "дене шынықтыру" мамандығы бойынша жоғары білімі болса да түрлі салада жұмыс істеген. "Ол тіпті менің клубымда бапкер болып жұмыс істеді. Жалақысы көп емес, сондықтан көңілі толмай, құрылысқа кетті. Ешқашан біреу-міреуде өкпелетіп көрмеген, ашушаң емес еді. Спортта жеңілуді жеккөретін. Ал өмірде жеңіле білетін, адам баласына қол көтермейтін. Біреуге айғайлағанын да естіген емеспін", - дейді бапкері.


Ал марқұмның әйелі Дария спортшымен қалай танысқанын айтып берді.


"2013 жылдың қаңтары болатын, мен қалыңдықтың құрбысы, ал ол күйеу жігіт болды. Екі жыл кездесіп жүріп, 2015 жылдың 18 сәуірінде отау құрдық. Қызымыз дүниеге келді, қазір бір жарым жаста", - деді қыз.


Еске салайық, осыған дейін Көкшетау полициясының пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бір топ студентті ұстағаны хабарланған еді. Полицейлердің мәліметі бойынша, наурыздың 14-не қараған түні Көкшетау қаласындағы төбелес cалдарынан Евгений Галузинский мерт болған.


"Бұл дерек бойынша 18-20 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олар қаладағы колледждердің бірінің студенттері. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басты күдіктінің жасы 18-де. Ол қамауда отыр. Төртеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бақылау камераларынан алынған видео мен куәгерлер бар", - деп хабарлаған еді ІІД өкілдері.


Күдікті кінәсін мойындағанын хабарланып отыр.


Евгений Галузинский - пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бразилияда өткен әлем чемпионатында спортшы төрт рекорд орнатқан болатын.



Көрілген: 551    Пікірлер: 0

жұма, 17.03.2017, 20:35

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30