Қылмыс

Ондаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

  • Ондаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

    Ондаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

Астана полициясы Интернет желісінде банктегі байланысы арқылы кез келген сомада несие рәсімдеп беру қызметінде делдал болуға уәде беретін алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтар www.olx.kz сайтына несие тарихы нашар азаматтарға банктен несие алуға көмек беретіні туралы хабарландыру жариялайды. Сақтандыру қызметін сылтауратып алдымен QIWI-әмиянға ақша аударуын талап етеді. Ақшаның құйылғанын көрген соң, олар хабарландыруды өшіріп, абоненттік номерден құтылып отырады.


Айталық, 15 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған схема бойынша 10-нан астам адамды алдаған 24 жастағы ер азаматты қолға түсірді.


Зардап шегушілермен әңгіме барысында ер адам банкте таныстарының барын айтып, несиенің расталуына уәде берген.


Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 19 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған азаматтан зардап шеккен тұлғалардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.


BAQ.KZ




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31