Қылмыс

Оралда 35 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

  • Оралда 35 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

    Оралда 35 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

Оралда шетелдік компанияларға жұмысқа орналастырамын деп отыздан астам адамды алдап соққан алаяқ ұсталды.


Полицияның қолына түскен 36 жастағы күдікті Сырым ауданының тумасы. Сан соғып қалғандардың дені Ақсай қаласындағы «Шлюмберже» аталатын кәсіпорынға кірмек болып, әрқайсысы 120 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін ақша ұстатқан. Тергеу барысында оның бұрын да алаяқтық әрекеті үшін істі болып, 3 жылдай мерзімін темір тордың ар жағында өткізгені анықталды. Пысықай ол кезде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үй беремін деп тоғыз адамды тақырға отырғызған екен. Полиция алаяқтан зардап шеккен өзге де тұрғындар болса шұғыл түрде хабарласуды сұрайды.


Руслан Есетов, қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі: - Қазіргі уақытта күдікті Талблимов Арман 2 ай мерзімге ұсталып, «күзетпен ұстау» шарасы қолданылған болатын. Күдікті Арман Талблимовты таныған болсаңыздар 102 нөміріне хабарласуға немесе Орал қаласы Айталиев көшесі мекен-жайындағы Орал қалалық ішкі істер басқармасына арыз беруіңізге болады.


Ахмет Сақыбаев, зардап шегуші: - Мен ол кісіге 120 мың теңге бердім. Себебі маған аталған компанияға жүргізуші ретінде кіргізуге уәде берген еді. Бірақ кейін оны таппай қалдым.


24.kz




Көрілген: 277    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.04.2017, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31