Қылмыс

Оралда ата-енесін атып өлтірген күйеу балаға қатысты үкім шықты

  • © SakhaLife

    © SakhaLife

Қайын жұртының ойранын шығарған Рүстем Дәулетшин енді 19 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады.


4 ай бұрын қанды қылмыс жасаған ол сабырлы қалпынан танбады. Судья үкім оқып болғанша тік тұрып, жақындарына да қарамады.


Сотталушы биыл мамырдың 10-ында қайын жұртының үйіне келіп, алдынан шыққан ата-енесіне оқ атқан болатын. Енесі сол жерде жан тапсырса, атасы ауруханада көз жұмды.


Сол күні үйде Рүстем Дәулетшиннің ұлы мен әйелі де болған. Жұбайымен бірнеше жыл бірге тұрмаса да, заңды түрде ажыраспаған.


Ал әйелінің әке-шешесіне қару кезенетіндей қандай жағдай болғанын ол осы уақытқа дейін ашып айтпады да. Енді осы қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырып қана қоймай, қайын жұртына 6 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.


ktk.kz


 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30