Қылмыс

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші босатылды

  • © AFP 2018/ DANIEL SANNUM LAUTEN

    © AFP 2018/ DANIEL SANNUM LAUTEN

Екі баланың анасын қағып өлтірген Toyota Land Cruiser жүргізушісі Александр Карагойшин үкім шыққан соң босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Орал қалалық соты хабарлады.


Істің материалына сүйенсек, Орал қаласында Еуразия даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелінде Евгения Бондаренконы джип қағып кеткен. Судья Нәйля Жүнісова Карагойшинді екі жарым жылға шартты түрде соттады.


Орал қалалық соты агенттікке хабарлағандай, біршама жағдай жүргізушінің жазасын жеңілдетуге себеп болған.


"Жасаған қылмысына шын жүректен өкініп отыр, сонымен қатар көршілері жағымды қырынан сипаттады, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласы бар, материалдық және моральдық шығынды толығымен өтеді әрі жәбірленуші тараптың қоғамнан аластатпай жазалауды сұрауы себеп болды", — дейді сот өкілі Болат Имашев.


Сотқа дейінгі тергеу кезінде Карагойшин жәбрленушілерге 20 миллион теңге өтемақы төлеген.


 


 


 




Көрілген: 193    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 12.01.2018, 18:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31