Қылмыс

Оралда күйеу баласы қайын енесін атып өлтіріп, қайын атасын ауыр жарақаттады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Кеше кешкісін Орал қаласындағы «Құрылысшы» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем сағат 20.24-те шақырылып, олар үш минуттан кейін жеткен.


«Оқ тиген 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Ішінен оқ тиген 1951 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған түнде ота жасалды. Ота алты сағатқа созылды. Жағдайы ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.


Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, жас адам енесін атып өлтірген. Қайын атасына да оқ тиген.


Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.


 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 10:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31