Қылмыс

Оралда түрме салуға бөлінген 577 млн теңге қолды болған

  • Фото: sputnik.by

    Фото: sputnik.by

ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова Орал қаласындағы түрменің құрылысына бөлінген 577 млн теңгенің қолды болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Оралдағы тергеу изоляторының құрылысы барысында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Құрылыс материалдары мен құрылғыларды ауыстыру және олардың бағасын жоғарылату арқылы игерілген 4,5 миллиард теңгенің 577 миллионы қолды болған», - деді ол.


Оның айтуынша, Оралдағы заң бұзған адамдардың саны 300-ден аспайды. Ал шаһарда салынып жатқан тергеу изоляторы 1500 адамға арналған.


Оксана Лоскутованың пікірінше, мұндай ірі тергеу изоляторы Алматы, Қарағанды, Өскемен сынды қылмыс деңгейі жоғары қалаларда салынуы керек.


Кейін ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Алматы облысындағы түрмені жөндеуге бөлінген қомақты қаражаттың жымқырылғанын атап өтті.


«Алматы облысы Заречный ауылындағы түзеу колониясын қайта жөндеуге 120 млн теңге қажет болған. Алайда орындалмаған жұмыс қабылданғаны анықталды. Жалпы нысан бойынша материалдардың, әрі орындалған жұмыстардың құны 568 млн теңгеге жоғарылатылған», - деді ол.


Осы орайда ресми өкіл мұндай деректердің Астанада да тіркелгенін жеткізді.


«Астана қаласы мен Ақмола облысындағы күзет мекемелеріндегі күрделі құрылыстарын жүргізу кезінде бюджеттің 210,5 млн теңгесі жымқырылған. Жалпы мұндай қылмыстар үшін қылмыстық-атқару жүйесінің 41 қызметкері сотталды», - деп түйіндеді сөзін Оксана Лоскутова.




 




Көрілген: 246    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.04.2018, 21:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31