Қылмыс

Өркенді өлтірген өгей шешесі сотта өз уәжін айтты

  • © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

    © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

11 жасар өгей баласын өлтірді деген айып тағылып отырған Шәрипа Ақбердиева Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  тілшісі сот залынан.


Ең алдымен сот алдында өзге күдікті – басты сотталушының қызы Айдана Ақбердиева жауап берген. Ол Өркен Азаматұлын өлтіру туралы Шәрипа Ақбердиевадан естігенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, анасы өз ұлы Темірлан Ақбердиев пен оның өгей інісі Қадаржан Ғұламовты қылмысқа мәжбүрлеген.


Өз кезегінде Шәрипа Ақбердиева бәрін жоққа шығарып отыр. Ол баланы өлтіру туралы ешкімге нұсқау бермегенін мәлімдеп отыр.


"Егер мен оларға қысым көрсетіп, қорқытып, өлтіруге мәжбүрлеген болсам, онда мына үш бала бұл жерде тұрмас еді. Мұнда мен жалғыз өзім тұрар едім. Мен Өркенді қашан және қайда өлтіргендерін мүлдем білмеймін. Мен шамамен жарты сағаттай базарда болдым. БИОС, сүт сатып алдым. Мен үйге келгенде ол тірі болатын, сабағын орындап отырған. Мен оған Темір мен Қадырға көмектес деп айтқан жоқпын. Мен екпе салдырып, жатып қалғанмын. Сағат 18.30 шамасында, мен тұрып, Өркен қайда деп сұрадым, Темір ол кетіп қалды деді. Мен ол кетіп қалған екен деп, Темірге сендім", — деді Шәрипа Ақбердиева.


Сот отырысы сотталушылар арасындағы ұзақ жанжалға ұласты, сол себепті судья процесстің ертең сағат 11-де жалғасатынын жариялады. Сотталушылар 5 адам: өлтірілген баланың анасы Шәрипа Ақбердиева, оның балалары — Темір мен Айдана, Темірдің өгей ағасы — Кәдіржан Гүләмов, сонымен бірге Руслан Мүтәлиев.


 




Көрілген: 1621    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.05.2017, 09:15

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
28 Наурыз, 00:56
Медиация институты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30